Путин РФ президенттігіне кандидат ретінде тіркелді

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің орталық сайлау комиссиясы Владимир Путинді РФ президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралы шешім қабылдады, ол сайлауға өзін-өзі ұсынушы ретінде қатысады, деп хабарлайды ТАСС.

«Ресей Федерациясының президенті қызметіне кандидат ретінде Владимир Владимирович Путин тіркелсін»,-деп жазылған РФ ОСК қаулысында.

Путиннің кандидаттыққа тіркелу жөніндегі куәлігін оның сайлауалды штабындағы заңгерлік қызмет жөніндегі басшысы Сергей Кабышев алды. Оның айтуынша, Путин кандидат болып тіркелген соң сайлау науқаны кезінде уақытша демалысқа кетуге міндетті емес.

Мемлекеттік жоғары қызметтегі тұлғаға заңдық тұрғыдан рұқсат берілетінін айтқан ол,  «жоқ. Ол қазір жұмыс істеп тұрған президент ретінде өз міндетін атқара береді»,-деді.

Айта кетейік, Путин кандидаттыққа тіркелген үшінші адам болып отыр. Бұған дейін ЛДПР басшысы Владимир Жириновский және КПРФ партиясынан Павел Грудинин тіркелген. Олар парламенттік партиялардың атынан түскендіктен өздерін қолдау мақсатында сайлаушылардан қол жинаудан босатылды. 

Соңғы жаңалықтар