Калынның айтуынша, 22 қараша күні өтетін үшжақты кездесуде Түркия, Ресей және Иран президенттері Астанада қол жеткізілген келісімдер аясында Сирияда зорлық-зомбылықты азайту бойынша қадамдарды қарастыратын болады. Сондай-ақ деэскалация аймақтарындағы мәселе сөз болады.
«Онымен қоса, мемлекет басшылары Сирияға гуманитарлық көмек жеткізу мәселелерін, сондай-ақ кепілгер елдердің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің № 2254 қарарына сәйкес Сириядағы ахуалды саяси реттеу бойынша женевалық процеске қосуы мүмкін үлестерін талқылайтын болады», - деп атап өтті Калын.
08:05, 17 Қараша 2017
Путин, Рухани және Ердоған Астанадағы уағдаластықтар аясында Сочиде бас қосады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркия, Ресей және Иран президенттері Сочиде бас қосып, Сирияда зорлық-зомбылықты азайту бойынша қадамдарды қарастыратын болады. Бұл туралы Түркия басшысының баспасөз хатшысы Ибрагим Калын мәлім етті, деп хабарлайды Анадолы агенттігі.