Оның сөзінше, Қазақстан мен Ресей арасында білім беру саласындағы ынтымақтастыққа қызығушылық жоғары.
— Білім беру саласындағы жетістіктерді одан әрі дамытуға қызығушылық зор. Бұл Қазақстандағы білім беру жүйесінің дамуына да, Ресейдегі білім саласында қалыптасып жатқан жаңа үрдістерге де қатысты, — деді Владимир Путин Қазақстан Президенті телерадиокешенінің бас директоры Раушан Қажыбаева қойған сұраққа жауап беру кезінде.
Ресей Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге «Сириус» жүйесінің іске қосылуына қатысқанын еске салды.
— Естеріңізде болса, біз Қазақстан Президентімен бірге «Сириус» жүйесінің жұмысын бастадық. Бұл жоба өзінің тиімділігін дәлелдеп, талантты балаларды анықтау мен қолдаудың нәтижелі тәсілдерін қалыптастырды. Әрине, Қазақстанда талантты балалар көп. Ең бастысы — олардың қабілетін дамытуға жағдай жасау. Біздің осы бағыттағы ынтымақтастығымыз соған арналмақ, — деді Владимир Путин.
Айта кетейік, бұған дейін Астанада Қазақстан — Сириус халықаралық білім беру орталығы құрылысының басталуына арналған капсула салу рәсімі өткен болатын.