Путин Сирия бойынша Астанадағы келіссөздерге оң бағасын берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сирия мәселесін реттеу бойынша Астанадағы келіссөздер (Астана процесі) сәтті өтті, бұл қуантарлық жағдай, деп мәлімдеді РФ президенті Владимир Путин.

Бұл туралы «РИА Новости» агенттігі хабарлады.

«Астаналық процестің сәтті өткендігі және ойдағыдай аяқталғаны қуантарлық жағдай. Соғыс қимылдарын тоқтату режімін бекіту және оны бақылау бойынша тетікті құру сөзсіз, Астанадағы процестің нәтижесі болып табылады. Онсыз женевалық келіссөздерді жалғастыру мүмкін емес еді», - деді Путин Қырғызстан басшысымен кездесуден кейін өткен баспасөз мәслихатында.

РФ президенті атап өткендей, Мәскеу Қазақстанға ұсынылған алаң үшін және аталмыш келіссөздерге ҚР Президенті жеке қатысқанына алғыс білдіреді.