Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков ТАСС агенттігіне хабарлаған.
— 19 қарашада президент Путин, төраға Си және президент Трамптың үшжақты кездесуін өткізу туралы келісімге қол жеткізілді. Кездесу Шэньчжэнь қаласында АТЭС саммиті аясында өтеді, — деді Кремль өкілі.
Осыған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп келесі аптада Қытайдың Шэньчжэнь қаласында Ресей мен Қытай көшбасшыларымен кездесуді жоспарлап отырғанын жазғанбыз. Үшжақты келіссөздердің негізгі тақырыптары ядролық қаруды қысқарту және Иранға қатысты жағдай болады.