Президент жарлығымен РФ Тергеу комитетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы процессуалдық бақылау қалалық басқарма басшысының орынбасары, генерал-майор Дмитрий Шершаков және Тергеу комитеті қызметін қамтамасыз ету қалалық басқарма жетекшісінің орынбасары, генерал-майор Виталий Фролов отставкаға жіберілді.
Сонымен бірге, Риа Новостидің хабарлауынша, ІІМ басшысының орынбасары, генерал-майор Вячеслав Андреев, Краснояр аймағы бойынша РФ ІІМ қалалық басқармасының басшысы, генерал-лейтенант Вадим Антонов, РФ ІІМ басқару Академиясы басшысының орынбасары, генерал-лейтенант Василий Быкадоров, Оренбург облысы бойынша Ресей ТЖМ қалалық басқармасының басшысы, генерал-майор Петр Иванов, РФ ІІМ ведомстводан тыс күзет қалалық басқармасы басшысының бірінші орынбасары, генерал-майор Алексей Лаушкин және РФ Тергеу комитеті Тамбов облысы бойынша тергеу басқармасының жетекшісі, генерал-майор Александр Тисковский өз қызметтерінен босатылды.