Путин Трамптың Курск облысындағы украиналық әскери қызметкерлер туралы үндеуіне пікір білдірді
АСТАНА. KAZINFORM — Путин Курск облысындағы украин әскери күштеріне жанашырлық таныту жөніндегі Трамптың үндеуімен танысты, деп хабарлайды ТАСС.
— Біз АҚШ президенті, мырза Трамптың бүгінгі украин армиясының әскери қызметкерлерінің өмірін сақтап қалу жөніндегі үндеуімен таныстық. Олардың кейбір бөлігі Ресей әскерінің қоршауында, бұл – Украина Қарулы Күштерінің Курск облысына басып кіру аймағы, — деді Владимир Путин Ресей Федерациясы Қауіпсіздік кеңесінің мүшелерімен өткен жиында.
Оның айтуынша, Украина Қарулы Күштері Курск облысында бейбіт халыққа қарсы қылмыс жасаған, оларды РФ Бас прокуратурасы терроризм ретінде бағалайды.
Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков журналистерге берген мәлімдемесінде, Владимир Путин украин әскери қызметкерлеріне өмірі мен лайықты қарым-қатынасқа кепілдік беретінін, бірақ бұл тек Киев өз сарбаздарына қару тастап, тұтқынға берілу туралы бұйрық берген жағдайда ғана мүмкін болатынын айтты, деп хабарлайды ТАСС.
Бұған дейін Трамп Путиннің әскери қимылдарды тоқтату туралы айтқан сөздеріне пікір білдіргені хабарланған еді.
13 наурызда Владимир Путин Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткоффты қабылдады. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді.
Сонымен қатар, АҚШ президентінің Украина және Ресей бойынша арнайы өкілі Кит Келлог Мәскеудің талабы бойынша соғыс тоқтату жөніндегі келіссөздерден шеттетілді.