Владимир Путин Киевке бітімге келу туралы тікелей келіссөздерді «ешқандай алдын ала шарттарсыз» қайта бастауды ұсынды.
Президент бұл келіссөздер 15 мамырда Ыстамбұлда өтуі мүмкін екенін Кремльде түнде жасаған мәлімдемесінде айтты.
— Келіссөздер барысында жаңа бітім туралы келісімге келу мүмкіндігін жоққа шығармаймын, — деді Путин.
Киев әзірге Ресей президентінің ұсынысына пікір білдірген жоқ.
Айта кетелік АҚШ, Еуропа және Украина Ресейден 30 күнге сөзсіз бітім жасауды талап еткен еді.