Путиннің айтуынша, мұндай келіссөздерді өткізуді одан Дональд Трамп сұраған. Осыған байланысты Ресей басшысы Зеленскийді Мәскеуге келуге шақырды.
— Егер Зеленский дайын болса — Мәскеуге келе берсін, ондай кездесу өтеді, — деді Путин.
Сондай-ақ, Владимир Путин Дональд Трамппен мүмкін болатын кездесу туралы да пікір білдірді:
— Кездесудің уақыты белгісіз, дайындық жүргізіліп жатқан жоқ, бірақ шақыру үстелде жатыр, — деді ол.
Еске салайық, Ақ үй басшысы Путинмен Анкоридждегі кездесуден кейін өткен бірлескен баспасөз конференциясында Мәскеуге келу туралы шақыруға жауап ретінде бұл мүмкін екенін айтқан болатын.
Бұған дейін қай елдер Путин мен Зеленскийдің кездесуін ұйымдастыруды ұсынғанын жазған едік.