Алғашқы айналымда Путинцева 19 жастағы ресейлік Дарья Гавриловамен кездесті. Қазақстандық спортшы қарсыласын бір сағаттан сәл астам уақыт ішінде 6:1, 6.2 есебімен қиналмай ұтып, жеңіске жетті.
Жарыстың негізгі сетіне шығу үшін Путинцева тағы бір ресейлік Нина Братчикова мен американдық Мэллори Бердеттің жекпе-жегінде жеңіске жеткен теннисшімен сайысқа түседі.