1 қазан күні өткен алғашқы айналым бәсекесінде, отандасымыз әлемнің 26-інші ракеткасы, қытайлық Чжан Шуаймен кездесті. Алайда Путинцева екі сетте 4:6,4:6 есебімен қарсыласына есе жіберіп, келесі айналымға өтпей қалды. Бұл екі теннисшінің алғаш рет белдесуі.
Айта кетейік, Путинцева WTA-ның жаңартылған рейтингінде 48-інші орыннан 47-ге көтерілді.
Еске салайық, қыркүйек айында Жапония астанасы Токиода өткен жатқан халықаралық турнирде қазақстандық Зарина Дияс Чжан Шуайды 6:4 және 6:2 есебімен жеңген болатын.