Әлемнің бірінші ракеткасы ретінде бұрынғыша румындық Симона Халеп көш бастап тұр. Екінші және үшінші орындарға испандық Гарбинье Мугуруса мен чехиялық теннисші Каролин Плишкова орналасқан.
Қазақстандық спортшылар Юлия Путинцева (53-ші орын) мен Ярослава Шведова (291-ші орын) WTA рейтингіндегі өз позицияларын сақтап қалды.
Зарина Дияс өз кезегінде үш орын төмен түсіп, 66-шы орынға жайғасты. Жұптық кезеңде Шведова 28-ші орыннан 37-ге төмендеді.