WTA жаңартылған рейтингінде Юлия Путинцева екі сатыға көтеріліп, 30-шы орынға тұрақтады.
Өткен аймен салыстырғанда, Ярослава Шведова да өз жағдайын жақсартып, 50-ші орынды иеленді.
Ал Зарина Дияс 158-ші сатыға төмендеп, бірнеше сатыға сырғыды. Тағы бір қазақстандық теннисші Галина Воскобоева 282-ші орында тұр.