Жекелей сындағы рейтинг көшбасшылары өзгеріссіз қалды: бірінші орында - Анжелик Кербер (Германия), екінші орында АҚШ теннисшісі Серена Уильямс, үздік үштікті чехиялық Каролина Плишкова түйіндеп тұр.
Қазақстан өкілдері Юлия Путинцева мен Ярослава Шведова ТОП -100 тізімінде сәйкесінше 31- және 51-орынды сақтап қалды.
Жұптық разряд бойынша Шведова 13-орында, ал Галина Воскобоева 113-тен 116-сатыға сырғыды.