Оған сәйкес, румыниялық теннисші Симона Халеп әлемнің бірінші ракеткасы атағын сақтап қалды, екінші орын Германия өкілі Анжелик Керберге бұйырса, даниялық Каролин Возняцки үздік үштікке кірді.
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева екі саты жоғарылап, 45-орынға тұрақтады. Тағы бір жерлесіміз Зарина Дияс 90-орнында қалды. Ал Елена Рыбакина 15 саты төмен сырғып, 201-орынға түсті.
Жұптық сайыстар нәтижелері бойынша Галина Воскобоева 13 саты жоғарылап, 73-орынға шықты.