АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірінші, әлемнің 29-ыншы ракеткасы Юлия Путинцева бүгін Ролан Гаррос турнирінің екінші айналымында Швеция елінің өкілі Юханна Ларссонмен күш сынасты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
www.myscore.ru сайтынан мәлім болғанындай, Юлия дүниежүзілік рейтингте 59-ыншы сатыда тұрған Ларссонды тартысты кездесуде 6:3, 1:6, 6:3 есебімен тізе бүктірді.
Ю.Путинева үшінші айналымда әлемдік теннистің жарық жұлдыздарының бірі, осы турнирде төртінші ракетка болып тіркелген испаниялық Гарбинье Мугуруса немесе эстониялық Анетт Контавейттің қай жеңгенімен шеберлік байқасады.
Еске сала кетейік, ерлер арасындағы жекелей сында қазақстандық Михаил Кукушкин испаниялық Роберто Баутиста-Агутпен кортқа шығады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).