Путинцева Санкт-Петербургтегі турнирдің екінші айналымына жолдама алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемнің 34-ші ракеткасы, Қазақстанның намысын қорғап жүрген Юлия Путинцева Санкт-Петербургтегі теннис турнирінің екінші айналымына жолдама алды.

Оның қарсыласы - WTA рейтингінде 61-орында тұрған швециялық Йоханна Ларссон жарысты жалғастырудан бас тартты. Матч 6:0, 1:0 есебімен Путинцева жеңіп жатқан сәтте тоқтатылды.

St.Petersburg Ladies Trophy турнирінің екінші айналымында Путинцева Германия теннисшісі Анника Бекпен бақ сынайды.