Путинцева Taiwan Open турнирінің жартылай финалына шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева жұма күні Taiwan Open турнирінің жеке сынында жартылай финалға жолдама алды. Жарыстың сыйлық қоры 500 мың доллар.

Ширек финалда Путинцева швейцариялық Стефани Фегелені 6:3 есебімен жеңді. Жартылай финалда Путинцева турнирдің бірінші ракеткасы америкалық Венус Уильямс пен Латвия өкілі Анастасия Севастовамен арадағы ойынның жеңімпазымен кездеседі, деп хабарлады sports.kz.