АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірінші, әлемнің 50-інші ракеткасы Юлия Путинцева US Open турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
Ол алғашқы кездесуін өзінің бұрынғы отандасы, дүниежүзілік рейтингте 147-інші орында тұрған 1999 жылғы Софья Жукпен өткізді. Юлия екі партияда 7:6, 6:3 есебімен басым түсті.
Екінші айналымда Ю.Путинцева осы турнирде 10-ыншы ракетка болып тіркелген поляк қызы Агнешка Радваньска немесе хорватиялық Петра Мартичтің қай жеңгенімен кездеседі.
Еске сала кетейік, ерлер арасында екінші айналымға шыққан М.Кукушкин тағы бір ресейлік, әлемдік рейтингте 99-сатыда тұрған Евгений Донскоймен кортқа шығады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).