Путинцева WTA чемпиондық рейтингіде 26-шы орында

АСТАНА. ҚазАқпарат - WTA Сингапурде жылдың қорытынды турнирінде чемпиондық жарыс рейтингісін жаңартты, деп хабарлады sports.kz.

Бірінші орында бұрынғыша  Серена Уильямс (АҚШ), ал екінші орынды неміс Анжелик Кербер иеленді.

Көшбасшылар үштігінде Польшалық Агнешка Радванскадан озған испандық Гарбин Мугурус  тұр.

Қазақстандықтарға келсек, Юлия Путинцева төрт сатыға көтерілді. Қазір ол 26-шы орында.

Ярослава Шведова бір саты төмендеді. 40-шы жолда. 

Зарина Дияс бұрынғы 107-ші  орнын сақтап қалды. Галина Воскобоева төрт жолға түсіп,  290-шы, ал Кәмила Керіимбаева - алты жолға түсіп,  317-ші орында.