Путинцева WTA рейтингінде 38-ші орынға көтерілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әйелдер теннисі қауымдастығы спортшылардың рейтингін жаңғыртты, деп хабарлады Sports.kz.

Көш басында неміс спортшысы Анжелик Кербер, екінші орында - америкалық Серена Уильямс, ал үшінші орында - испаниялық Гарбин Мугуруса.

ТОП-100-те Қазақстанның екі өкілі бар. Юлия Путинцева 41-ші орыннан 38-ші орынға, ал  Ярослава Шведова 43-ші орыннан 41-шіге көтерілді.