Путинцева WTA рейтингінде 42-ші орынға көтерілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Путинцева WTA рейтингінде 42-ші орынға көтерілді. Теннистің әйелдер қауымдастығы спортшылардың рейтингін жаңартты, деп хабарлады Sрorts.kz.

Рейтингте АҚШ өкілі Серена Уильямс көш бастап тұр. Екінші орында Германия спортшысы Анжелик Кербер, үздік үштікке Монреалдағы жеңісінен кейін Симона Халеп кірді.

Қазастандық Юлия Путинцева бір сатыға көтеріліп, 42-ші орынға орналасты.

Ярослава Шведова, керісінше, бір сатыға түсіп, қазір 48-ші орында. Зарина Дияс 133-ші орыннан 131-ші орынға көшті.