Путиннің баспасөз хатшысы РФ ІІМ басшысы Колокольцевтің отставкасы туралы білмейтінін айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков РФ ІІМ басшысы Владимир Колокольцев отставкаға өтініш бергенінен бейхабар, деп хабарлады РИА «Новости».

Осыған дейін БАҚ-та В.Колокольцев жұмыстан кету жөніндегі рапорт жасағаны жазылған болатын.

«Мен бұл туралы еш нәрсе білмеймін», - деді Ресей президентінің баспасөз хатшысы.