АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның екінші, әлемнің 32-ракеткасы Юлия Путинцева Нинбо (Қытай) WTA 500 турнирін жеңіспен бастады.
Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингіде 100-орында тұрған америкалық Кэролайн Доулхайдпен шеберлік байқасты.
Бастапқыда Доулхайд 2:0 есебімен алға шықса, содан кейін Путинцева қарсыласына бірде-бір гейм берген жоқ – 6:2, 6:0.
Бір сағат 7 минутқа созылған матчта Путинцева эйс жасамағанымен, 13 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды. Доулхайд 2 эйс, 1 брейкпен (2 брейк-пойнт) шектелді.
Юлия Путинцева ширек финалға шығу үшін әлемнің 10-ракеткасы, бразилиялық Беатрис Хаддад-Майя немесе рейтингіде 60-орындағы қытайлық Ван Яфаньның біреуімен таласады
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның әлемдік рейтингіде 22-орынға көтерілгенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).