Прокурорлардың айтуынша, кәсіпорын басшылары ақшасын сақтап қалу үшін өз аттарына жоғары жалақы жазып отырған. Кейін үлкен сома берешек болып қалған өз компанияларының үстінен өздері арыз түсірген.
«Мәселен, бір жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылтайшысы банк алдындағы 381 млн теңгенің қарызын төлемеу үшін бір жылдың ішінде өзіне 1 миллиард теңгеден астам жалықы жазған. Осыдан кейін сотқа арызданып, жалақыны өндіріп беруді талап етті. Одан әрі арызданушы ретінде өзі басқарып отырған кәсіпорынмен мәмілеге келіп, үкім қағазын шығарып алған. Сөйтіп, жалақының қарызын өз мекемесінің атына шығысқа жазған. Ал заң бойынша алдымен жалақының қарызы өндіріледі. Прокурорлардың бастамасымен соттың шешімі жойылды», - деп атап өтті елорда прокуратурасынан.
Дәл осындай фактілер тағы үш кәсіпорында анықталды. Екеуіне қатысты Қылмыстық кодекстің 416-бабы, 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық кәсіпорындардың сот үкімдерін жоққа шығару шаралары қолға алынды.