Qarmet ұжымдық шарты Қазақстанда үздік танылды: Бұл – адамдарға деген қамқорлығымыздың көрінісі
ҚАРАҒАНДЫ. KAZINFORM — Қызметкерлердің құқығы мен әлеуметтік кепілдіктері — компанияның басты басымдығы. Qarmet осы жолдағы табысын «Парыз» конкурсында тағы бір мәрте дәлелдеді.
Qarmet компаниясының ұжымдық шарты «Парыз» сыйлығының «Үздік ұжымдық шарт» номинациясында жеңімпаз атанып, Қазақстандағы ең озық корпоративтік құжаттардың бірі деп танылды. Бұл марапат компанияның әлеуметтік жауапкершілікке берік екенін және қызметкерлер алдындағы міндеттемелерін шынайы орындауға ұмтылысын айқын көрсетеді. Марапатты компания атынан басқарма мүшесі — Qarmet АҚ басқарма төрағасының орынбасары Зауре Заурбекова қабылдады.
-2024 жылдың соңында компания әлеуметтік серіктестеріміз — «Жақтау» және «Қорғау» салалық кәсіподақтарымен өзекті ұжымдық шартқа қол қойды. Құжатта қызметкерлер мен олардың отбасыларын қолдаудан бастап еңбек жағдайларын жақсарту, медициналық қолдау, кадрлық әлеуетті дамыту, әлеуметтік кепілдіктер және тағы басқа көптеген бағыттар қамтылған. Құжатты әзірлеу ұзақ уақыт бойы жүргізілді және бірлескен еңбектің нәтижесінде біз өзіміздің үлкен еңбек ұжымын қолдауға арналған жаңа ұжымдық шартты жасап шықтық, — деді Зауре Заурбекова.
Qarmet ұжымдық шарты қызметкерлердің өмір сапасын арттыруға бағытталған кең ауқымды кепілдіктерді қамтиды. Құжатта негізгі өндірістік көрсеткіштер орындалған жағдайда жыл қорытындысы бойынша бір реттік сыйақы, еңбек өтілі мен кәсіби шеберлігі үшін үстемақылар, сондай-ақ қауіпсіз еңбек үшін ынталандыру төлемдері қарастырылған. Мұндай ынталандырулар еңбек қауіпсіздігі мәдениетін тұрақты дамытуға және қызметкерлердің жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.
Сонымен қатар, Металлург күні мен Шахтер күні ресми мерекелік күндер ретінде бекітілген. Бұл күндері жұмыс істеген қызметкерлердің еңбегі жоғарылатылған мөлшерде төленеді, бұл компанияның еңбек дәстүрлеріне және қызметкерлердің еңбегіне деген құрметін көрсетеді.
«Парыз» байқауындағы жеңіс — Qarmet компаниясының жүйелі әлеуметтік саясат жүргізетінін, лайықты еңбек жағдайларын жасап, құрмет пен жауапкершілік қағидаттарын нығайтуға бағытталғанын көрсетеді. Бұл марапат компанияның қызметкерлерге деген сенімін арттыруға, әлеуметтік стандарттарды одан әрі күшейтуге және Қазақстандағы тау-кен, металлургия саласында үлгі болуға деген ұмтылысын растайды.
Биылғы «Парыз» байқауына еліміздің әр аймағынан көптеген ұйымдар қатысты. Qarmet компаниясы өзінің кәсіби дайындық деңгейі мен әлеуметтік жауапкершілік мәдениеті арқылы үздік деп танылып, байқау қазылар алқасының жоғары баға алғаны компания үшін маңызды мәртебе болды. Бұл жетістік қызметкерлердің ынтасын арттыруға, корпоративтік мәдениетті одан әрі дамытуға және жаңа әлеуметтік бастамаларды енгізуге септігін тигізеді.