Дохадан алғашқы рейс QR920 жексенбі таңертең аттанды, ол Оклендке дүйсенбі жергілікті уақытпен сағат 07:30 келіп жетеді.
Ұшу сапары 16 сағат 20 минутқа созылады, осы аралықта әуе кемесі 10 сағаттық белдеуді және 5 мемлекетті басып өтеді. Ара қашықтық - 14 535 шақырым. Қайтар жолда ұшақ 17 сағат 30 минут әуеде болады.
Бұл әлемдегі үзіліссіз жалғасатын ең ұзақ коммерциялық рейс атанып отыр.