Басылымның хабарлауынша, жексенбі күні 5 ақпанда, таңғы 05.10-да Доха қаласының әуежайынан шыққан ұшақ дүйсенбі күні таңғы 07.30-да Жаңа Зеландияның Окланд қаласына қонады. Ұшу уақыты «бар болғаны» 16 сағат 20 минутты құрайды, алайда сағаттық белдеулердің ауысуынан бір жарым күнге «созылады».
Qatar Airways компаниясының бұл рекордын 2018 жылы сингапурлық әуе компаниялары жаңартуы мүмкін. Олар Сингапур-Нью-Йорк бағыты бойынша тоқтаусыз, тікелей рейс ашуды жоспарлауда. Оған дейін Дубайдан Окланд қаласына ұшу ең ұзақ болып саналған еді.