АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанада дзюдодан өтіп жатқан Qazagstan Barysy Grand Slam турнирінде төрт қазақстандық спортшы қола медаль үшін таласады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әлемдік додаларда жүлде алып жүрген 34 жастағы Ислам Бозбаев 100 келіге дейінгі салмақта жарысты сәтті бастағанымен, ширек финалда бельгиялық Тома Никифоровқа жол берді.
Дегенмен, ол қола жүлде үшін күресуге мүмкіндік алды.
Осы салмақта 22 жастағы дзюдошы, жасөспірімдер олимпиадасының жеңімпазы Бекарыс Сәдуақас финалға шығуға жақын тұрды. Алайда, ол жартылай финалда БАӘ спортшысы Джафар Костоевтан ұтылып қалды.
Енді Ислам мен Бекарыс қола жүлдені өзара сарапқа салады.
Сондай-ақ, Ғалымжан Қырықбай 100 келіден астам салмақта қола жүлде үшін грузиялық Саба Инанейшвилимен белдеседі.
Ал, әйелдер арасында Ақерке Рамазанова ( 78 кг) Нидерланд спортшысы Карен Стивенсонмен тағы бір қола медаль үшін сынға түседі.
Финалдық белдесулер «Барыс Арена» стадионында елорда уақытымен сағат 17.00-де басталады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Qazagstan Barysy Grand Slam турнирінде Қазақстан қоржынына қос қола медаль түскенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).