«Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 5 сәуірден бастап Ақтөбе-Қазан-Ақтөбе бағыты бойынша әуе қозғалысы тоқтатылады», - делінген хабарламада.
Жоспарланған рейстерді қалпына келтіру туралы кейінірек хабарланбақ.
Мұның себебі белгілі. Бір күн бұрын ұшқышсыз ұшақтар Татарстанның Елабуга және Нижнекамск қалаларындағы кәсіпорындарға шабуыл жасаған болатын.
ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі кейбір Telegram арналарында тараған Татарстандағы нысандарға шабуыл жасаған ұшқышсыз ұшақтар Қазақстан аумағынан ұшырылды деген ақпаратты жоққа шығарды.