– Ресейге ұшу тәуекелдерін үнемі бағалау нәтижелерінің негізінде жолаушылар мен экипаж мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында рейстер тоқтатылды. Әуекомпания қазіргі уақытта Qazaq Air тәуекелдерін бағалау шарттарына сәйкес келетін Омбы мен Новосібірге рейстерді орындауды жалғастырады, - делінген хабарламада.
Екатеринбургке әуе рейстерін қайта ашу тәуекелдерді қайта бағалау қорытындылары бойынша жүзеге асырылатын болады.
Тоқтатылған рейстердің жолаушыларына әуебилеттерінің толық құнын қайтару қамтамасыз етіледі және әуекомпанияның баламалы рейстеріне тегін қайта брондау ұсынылады.
Бұған дейін Ақтау маңында Бакуден Грозныйға бағыт алған ұшақ апатқа ұшырағанын жазған болатынбыз.
Ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде бес экипаж мүшесі болған. Оқиға салдарынан 38 жолаушы қаза тапты.