Еске салайық, жаңа әуе компаниясының таныстырылымы 6 шілдеде өткен болатын. Сол кезде бірегей техникалық сипатымен, жолаушыларға ыңғайлы әрі қолайлылығымен ерекше Bombardier Dash 8 Q400 екі қозғалтқышты, турбовинтті ұшақ - алғашқы борты көрсетілген болатын. Qazaq Air-дің бағыттар желісі 12 маршруттан тұрады, олардың басым бөлігі Қазақстан өңірлері арасында ұшырылады.
Осыған дейін Qazaq Air лайнерлері 20 шілдеден бастап көкке көтеріле бастайды, деп мәлімделген еді. Алайда ол рұқсат беру құжаттарының болмауынан тамыздың басына қалдырылды. Әуе компаниясының тұңғыш рейсі Алматы-Павлодар бағыты бойынша ұшады.