Qazaq Air әуе компаниясының ұшақтары еліміздің қалаларына ұшырыла бастайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Qazaq Air әуе компаниясының әуе рейстері еліміздің көптеген аймақтарын қамтымақ, деп хабарлайды aeroport.kz.

Алғашқы болып 2015 жылы 27 тамызда Алматы-Астана рейсі ұшырылады.

2015 жылдың 27 тамызы мен 24 қазаны аралығында келесі рейстер ұшырылады:

- Алматы-Астана - күн сайын, билет құны бір жаққа 10495 теңгеден басталады; - Алматы-Павлодар - аптасына үш рейс (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма), билет құны бір жаққа 10916 теңгеден басталады; - Алматы-Шымкент - аптасына төрт рейс (дүйсенбі, сейсенбі, сенбі, жексенбі), билет құны бір жаққа 10495 теңгеден басталады; - Шымкент-Павлодар - аптасына екі рейс (сейсенбі, жексенбі), билет құны бір жаққа 14857 теңгеден басталады; - Шымкент-Қызылорда - аптасына екі рейс (дүйсенбі, сенбі), билет құны бір жаққа 8556 теңгеден басталады.

2015 жылдың 24 қазанынан ұшу жиілігі мен бағыттардың санын ұлғайту көзделген.