QAZAQ AIR бүгін әуе рейстері кешігетінін хабарлады

Фото: Көлік министрлігі

АСТАНА. KAZINFORM - VIETJET QAZAQSTAN (QAZAQ AIR) 4 шілде күні рейстер кешігетінін хабарлады.

Рейстер туралы ақпарат әуе билеттерін сатып алу кезінде көрсетілген деректер бойынша жолаушыларға SMS-хабарламалар және электрондық пошта арқылы жіберіледі.

Кешіктірілген рейстердің жолаушыларына Жолаушыларды тасымалдау ережелеріне сәйкес арнайы қызметтер ұсынылады.

- Әуе компания орын алған қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды, сонымен қатар, әуе компания үшін жолаушыларды тасымалдаудың қауіпсіздігі әрдайым маңызды екенін еске салады, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Қырғыз әуе компаниясы Алматыға алғашқы рейсін орындады.

Үкімет неміс инвесторларымен бірге Жетісуда халықаралық әуежай салады.