Рейстер туралы ақпарат әуе билеттерін сатып алу кезінде көрсетілген деректер бойынша жолаушыларға SMS-хабарламалар және электрондық пошта арқылы жіберіледі.
Кешіктірілген рейстердің жолаушыларына Жолаушыларды тасымалдау ережелеріне сәйкес арнайы қызметтер ұсынылады.
- Әуе компания орын алған қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды, сонымен қатар, әуе компания үшін жолаушыларды тасымалдаудың қауіпсіздігі әрдайым маңызды екенін еске салады, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Қырғыз әуе компаниясы Алматыға алғашқы рейсін орындады.
Үкімет неміс инвесторларымен бірге Жетісуда халықаралық әуежай салады.