QAZAQ AIR рейстерінің кешігетіні туралы ескерту жариялады

Фото: Фото: flyqazaq.com

QAZAQ AIR әуе компаниясының рейстері кешігіп жатыр. Ақпарат жолаушыларға әуе билеттерін сатып алу кезінде көрсетілген ұялы телефонға хабарлама түрінде және электрондық пошта арқылы жеткізілді, деп хабарлайды QAZAQ AIR баспасөз қызметі.

Кешіктірілген рейстердің жолаушыларына "Жолаушыларды тасымалдау" ережелеріне сәйкес арнайы қызметтер ұсынылады.

"QAZAQ AIR әуе компаниясы орын алған қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды. Сонымен қатар, әуе компаниясы үшін жолаушыларды тасымалдаудың қауіпсіздігі әрдайым маңызды екенін еске салады" деп жазылған хабарламада.