Әуе компаниясының баспасөз хатшысы Сергей Хецурианидің айтуынша, Алматы-Астана бағытында ұшып шыққан Bombardier Q400 NextGen авиалайнері қозғалтқыштағы май қысымының индикациясының іске қосылуына байланысты әуежайға қайта қонуға мәжбүр болған.
Ұшақ ұшып шыққаннан соң 25 минуттан кейін қайта оралған.
«Ұшақ штаттық режімде қонды. Бортта 4 экипаж мүшесі мен 75 жолаушы болған. Қазіргі таңда оларға ыстық тамақ, барлық қажетті заттар берілді. IQ353 рейсінің жолаушылары әуе компаниясының басқа ұшақтарымен жеткізілетін болады», - деді Сергей Хецуриани.
Қазір инженерлік қызмет өкілдері техникалық тұрғыдан ақаудың неден шыққанын тексеріп жатыр.