27 сәуірден бастап Атырау қаласынан Ресейдің Астрахань облысының әкімшілік орталығына тікелей рейс қатынайтын болды.
Жолаушылар Bombardier Q400 NextGen ұшақтарымен әр сейсенбі мен сенбі күндері жеткізіледі.
«Біздің географиямыз кеңейіп жатыр. Астрахань - Жайық жағалауы мен Каспий маңы елдерінің көнеден келе жатқан орталығы. Бұл орталыққа Батыс Қазақстан халқы көп барады. Аталған бағытқа сұраныс болады деген сенімдеміз», - деді QAZAQ AIR басқарма төрағасының міндетін атқарушы Адель Даулетбек.