Qazaq Banki-нің басқарма құрамы өзгерді

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат -  Құнды қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізіміне кіретін "Qazaq Banki" АҚ (Алматы) басқарма құрамының өзгергенін мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі KASE-ге сілтеме жасап.

Акционерлік қоғамның директорлар кеңесінің шешімімен басқарма төрағасының орынбасары Ерлан Келімбетов басқарма мүшелігінен шығарылды. Енгізілген өзгерістерді есепке алғанда, Qazaq Banki-нің басқарма құрамы мынадай: Ғани Тоқсанбаев (басқарма төрағасы), Гүлнар Сүлейменова, Қазбек Тоқсанбаев, Ким Ден Ун.