Бұл шешім төлем және аударым операциялары бойынша шарттық міндеттемелерді тиісінше орындалмауына, сондай-ақ үнемі нормативтер мен міндетті нормаларды, лимиттерді бұзғаны үшін қабылдады.
«Лицензия жаңа депозиттерді тартуға және жеке тұлғалардың жаңа банк шоттарын ашуға қатысты әрекеттер бойынша тоқтатыла тұрады. Сонымен қатар осы шешім банктің қолданыстағы депозиттері мен клиенттеріне қызмет көрсету міндеттемелеріне қатысы жоқ», - деп нақтыланған ҰБ мәліметінде.
2018 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша банктің жеке тұлғалардан қабылдаған депозиттерінің көлемі 22 млрд теңгені құрайды.
Айта кетерлігі, еліміздегі жалпы банк жүйесі бойынша «Qazaq Banki» АҚ-ның жеке тұлғалардың депозиттік портфель үлесі жеке тұлғалардың депозиттерінің жиынтық көлемінің 0,3 пайызын құрайды.
Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық банктің қаулысымен биылғы 28 сәуірден 27 шілдеге дейін Qazaq Banki-нің жеке тұлғаларға депозиттер мен шоттар ашуға лицензиясы тоқтатылған болатын.