«Ұлттық банктің 27 сәуірдегі қаулысымен 2018 жылдың 28 сәуірінен бастап 2018 жылдың 27 шілдесіне дейін «Qazaq Banki» АҚ-ның жеке тұлғалардың банк шоттары мен депозиттерін ашуға лицензиясы тоқтатылды», - деп хабарлады қаржы реттеуші.
Аталып өтілгендей, мұндай шешім банктің «ҚР банктері мен банк қызметтері туралы» Заңының 48-бабы 1-тармағындағы талаптарының бұзылуына байланысты қабылданды.
Лицензия жеке тұлғаларға жаңа депозиттер мен жаңа банк шоттарын ашу үшін тоқтатылды. Бұл шараның банктің қазіргі депозиттері мен клиенттеріне қызмет көрсетуге қатысы жоқ.
2018 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша Qazaq Banki-нде қабылданған жеке тұлғалардың депозиттер көлемі 41 млрд теңгені құрайды.