1/8 финалдағы тартысты белдесулердің қорытындысы бойынша турнирдің бас жүлдесі үшін күресті жалғастыратын сегіз үздік балуан анықталды:
- Ғалымжан Қырықбай Санжар Жабборовты жеңді;
- Мәди Еділбаев Мұхтар Дәлелханұлынан басым түсті;
- Нұрсұлтан Қожагелдіұлы Нұрсұлтан Қабланды жеңді;
- Жансерік Жұмабай Әділ Бескемпірді жарыс жолынан шығарды;
- Еламан Ерғалиев Нұрдәулет Жарылғаповтан басым болды;
- Алмас Жұмағали Саят Шамшиевті жеңді;
- Жантілек Нұртілепұлы Жантілек Шынкеевтен басым түсті;
- Әділ Оразбаев Әділет Сапарғалиевті жеңді.
Осылайша ширек финалда төмендегі жұптар өзара белдеседі:
- Ғалымжан Қырықбай — Мәди Еділбаев;
- Нұрсұлтан Қожагелдіұлы — Жансерік Жұмабай;
- Еламан Ерғалиев — Алмас Жұмағали;
- Жантілек Нұртілепұлы — Әділ Оразбаев.
Енді турнир шешуші кезеңге аяқ басты.
Ширек финалда жеңіске жеткен балуандар жартылай финалға жолдама алып, Qazaqstan Barysy — 2026 супертурнирінің жеңімпазы атағы үшін күресті жалғастырады.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан күрестен Түркиядағы халықаралық турнирде үш медаль жеңіп алғанын хабарлаған едік.