Qazaqstan Barysy Grand Slam: Қазақстан қоржынына тағы бір қола медаль түсті

Фото: Фото: ҰОК

АСТАНА. KAZINFORM - Астанада дзюдодан өтіп жатқан Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің екінші күні Қазақстан қоржыны екінші қола медальмен толықты. Бұл жолы Абылайхан Жұбаназар 81 келіге дейінгі салмақта үздік үштікке ілікті. 

Қазақстандық дзюдошы қола жүлде үшін бәсекеде Швейцария өкілі Аурелиен Бонферрониді иппон әдісімен жеңді. Осылайша, бұған дейін әлемдік рейтингіде 13-орында тұрған Абылайхан қоламен қоса 500 ұпайға қол жеткізді.

Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирі екі күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы еншісінде 1 алтын, 3 қола жүлде бар.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Бақытжан Абдурахмановтың Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде қола жүлде жеңіп алғанын жазған болатынбыз.