АСТАНА. KAZINFORM - Астанада дзюдодан өтіп жатқан Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің екінші күні Қазақстан қоржыны екінші қола медальмен толықты. Бұл жолы Абылайхан Жұбаназар 81 келіге дейінгі салмақта үздік үштікке ілікті.
Қазақстандық дзюдошы қола жүлде үшін бәсекеде Швейцария өкілі Аурелиен Бонферрониді иппон әдісімен жеңді. Осылайша, бұған дейін әлемдік рейтингіде 13-орында тұрған Абылайхан қоламен қоса 500 ұпайға қол жеткізді.
Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирі екі күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы еншісінде 1 алтын, 3 қола жүлде бар.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Бақытжан Абдурахмановтың Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде қола жүлде жеңіп алғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).