Qazaqstan Barysy Grand Slam-ның алғашқы күнінде 6 отандасымыз жүлде үшін белдеседі

АСТАНА. KAZINFORM - Дзюдодан Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің өтіп жатыр. 

Фото: ҚР ҰОК

Спортты дамыту дирекциясы мәліметінше, күндізгі бөлімде ерлер 60, 66 келі және әйелдер 48, 52, 57 келіде белдесіп, нәтижесінде 6 жерлесіміз финалдық бөлімде күресуге мүмкіндік алды.

Финал

60 келі
Талғат Орынбасар - Сухбат Биамбасурен (Моңғолия)

3-орын үшін белдесулер

52 келі.
Меруерт Сәрсенова - Лилиа Нугаева (Ресей)

60 келі.
Мағжан Шамшадин - Шерзод Давлатов

66 келі.
Ақылжан Жұбатқанов - Рамазан Абдулаев (Ресей)

66 келі.
Нұрқанат Серікбаев - Анваржон Иброхимов (Өзбекстан)

Финал және қола жүлде үшін кездесулер 17:00-де басталады.

Талғат Орынбасар Grand Slam турнирінде Олимпиада жүлдегерін жеңіп, финалға шыққанын жазған едік.