Qazaqstan орталық концерт залы 10 қазанға дейін жұмысын тоқтатты

4-10 қазан аралығында Qazaqstan орталық концерт залындағы барлық іс-шаралар тоқтатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  

Фото: None

2023 жылдың 4-10 қазаны аралығында «Астана Су Арнасы» МКҚК Д=150 мм, Д=400 мм су құбыры желілерінде техникалық жұмыстар жүргізеді. Осыған байланысты, Мәңгілік Ел даңғылы, 10/1 мекенжайы бойынша ауыз су бер тоқтатылады.

"Жөндеу жұмыстары кезінде "Қазақстан" орталық концерт залындағы барлық іс-шаралар белгіленген мерзімде тоқтатылады", - деп мәлімдеді Qazaqstan Орталық концерт залы Instagram желісінде.