14:21, 01 Шілде 2021
«Qazaqstan» телеарнасынан Елбасының сұхбатына негізделген «Қолтаңба» деректі фильмі көрсетіледі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 5 шілдеде сағат 20:00-де «Qazaqstan» телеарнасынан Нұрсұлтан Назарбаевтың сұхбатына негізделген «Қолтаңба» деректі фильмі көрсетіледі. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай twitter-де жазды.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті жаңа елорданың тарихына тоқталып, ғаламат құрылыстың құпияларымен бөлісті.