Айта кетсек, бұған дейін сатылымға шығарылатын қазақстандық вакцина QazVac деп аталатындығы хабарланған болатын.
«Өзге елдерде шығарылатын вакциналардың атауларын алып қарайық. Мәселен, «Спутник V» вакцинасы – бұл вакцинаның сауда атауы. Оның нағыз ғылыми атауы «Гам-КОВИД-Вак» деп аталады. Бұл атаулар ешкімде де сұрақ туындатпайды. Тағы да түсіндіріп өтейін қазақстандық вакцинаның ғылыми атауы - QazCovid-in. Ал вакцинны сату үшін сауда атауы – QazVac», - деді Күнсұлу Закария Жамбыл облысындағы Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының алаңында ұйымдастырылған баспасөз туры барысында.
Еске салсақ, COVID-19-ға қарсы қазақстандық вакцина сынағының ІІІ кезеңі өтуде.«QazCovid-in вакцинасы қазіргі уақытта Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтында өндіріліп жатқаны туралы хабарлаған болатынбыз.
Сынақтан өтіп жатқан қазақстандық вакцинаның нәтижесі сәуір айында шығады.
Сонымен қатар, қазақстандық вакцинаның артықшылықтары туралы да айттық.