Qazsport дзюдодан әлемдік Гран при кезеңін тікелей эфирде көрсетеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Qazsport» телеарнасы Хорватия астанасы Загреб қаласында дзюдодан әлемдік Гран при кезеңін көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

27-29 шілде күндері өтетін халықаралық додаға әлемнің 81 елінен 557 дзюдошы қатысуға өтініш білдірген. Ал Қазақстан құрамасынан 15 татами шебері қатысады деп жоспарланған.

Әлемдік додада ел намысын ерлер арасынан - Рустам Ибраев (60 кг), Жақсыбек Жеңісбек (60 кг), Ерлан Серікжанов (66 кг), Ғұмар Қырғызбаев (66 кг), Нұрлан Оразалин (73 кг), Бекжан Абдуалиев (81 кг), Қырықбай Ғалымжан ( 100 кг) ал, әйелдер арасынан - Отгонцэцэг Галбадрах (48 кг), Камшат Қарасайқызы (52 кг), Севара Нишанбаева (57 кг), Иоланта Бердібекова (63 кг), Зере Бектасқызы (70 кг), Аэлита Щербакова (70 кг), Зарина Райфова (-78 кг), Гүлжан Исанова ( 78 кг) қорғайды.                             

Аталған бәсекені «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Трансляция уақыт: 27 шілде, 20:55-те.           

Айта кетейік, екінші жарыс күні 28 шілде күні «Qazsport» арнасынан 20:55-те, бәсекенің үшінші күні 29 шілде күні,  сағат 20:55-те көруге болады.