«QAZSPORT» дзюдодан Grand Slam халықаралық турнирін тікелей эфирде көрсетеді

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 1-3 сәуір аралығында Түркияның Анталия қаласында дзюдодан Grand Slam халықаралық турнирі өтеді. Байрақты бәсекені «QAZSPORT» дзюдодан Grand Slam халықаралық турнирін тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«QAZSPORT» телеарнасындағы трансляциялар кестесі:

1 сәуір, 20:00 тікелей эфир

2 сәуір, 20:00 тікелей эфир

3 сәуір, 20:55 тікелей эфир

«Үлкен дулыға» жарысына қатысатын Қазақстан ерлер және әйелдер құрамаларының тізімі:

Ерлер:

- 60 келі Мағжан Шамшадин

- 66 келі Бауыржан Сағынғалиев

- 73 келі Ансарбек Ғайнуллин, Жанболат Бағытбергенов

- 81 келі Мәди Амангелді, Абылайхан Жұбаназар

- 90 келі Асылан Сағитбек, Ерсұлтан Мұзафаров

- 100 келі Айбек Серікбаев

+ 100 келі Еламан Ерғалиев, Әділ Оразбаев

Бас бапкер: Ғалымжан Жылгелдиев.

Әйелдер:

- 48 келі Отгонцэцэг Галбадрах

- 57 келі Севара Нышанбаева

- 63 келі Зарина Шарипова

Бас бапкер: Ерлан Алпысбаев.